"Тендердің кемшілігінен мәселе шешілмей жатыр". Марқакөлді биыл да маса буып тұр


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 11-06-2024, 12:05 0

Әлеуметтік желілерде маса буған Марқакөл ауданы тұрғындарының бейнежазбасы тарады. Онда жергілікті халық тіршілік етуден қалғандарын айтады. Күндіз бастарына тор тағып, орамал жауып, қабат-қабат киініп жүреді. Балалар қамалып үйде отыр. Осы мәселе бойынша Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі Марқакөл әкімдігіне хабарласып, мән-жайды анықтап көрді.

Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Нәбиолдаұлының айтуынша, бұл мәселені шешуге Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 20 млн қаражат бөлінген. Ол кезде екі аудан әлі бөлінбеген. Конкурс жарияланған кезде оны «Әшірбеков» жеке кәсіпкерлігі ұтып алған. Бірақ әкім атқарылған жұмыстың сапасы төмен дегенді айтады. 

  • Олар көктемде маса шықпай тұрып Қалжыр мен Боран ауылында дронмен бір жұма бойы дәрі шашты. Онысы түк болған жоқ, міне, маса қаптап тұр. Енді конкурсты ұтып алған азаматқа телефон шалсақ, мен дәрілерді Астанадан әкелу керекпін, оған бәленбай миллион ақша керек дейді. Мемлекеттік сатып алулардың кемшілігі осы. Сапалы мердігерлік ұйымдарды дұрыс анықтамайды, - деді ол.
Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив