"ADK мен театр ортасы". Өскеменде аспалы жол салынуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 10-06-2024, 13:32 0

шартты сурет

Аспалы жолдарды жобалаумен айналысатын швейцариялық Bartholet компаниясы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен құрылыс бойынша меморандум жасасты. Жоспар бойынша құрылыстың бірінші кезеңі 2026 жылы басталады.

Аспалы трамвайлар жүретін аумақ қазірдің өзінде анықталып қойған: ол ADK RIVER сауда орталығынан облыстық драма театрға дейін және кері жүретін болады.

Жобаның құны 90 миллион долларға дейін барады. Шығынның 80%-ын швейцариялық компания өзіне алмақ, ал қалған шығындарды жергілікті билік өтемек. 

Жоба авторларының айтуынша, жаңа көлік түрі облыс орталығының екі жағалауы арасындағы көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетеді. 

Айтуларынша, аспалы көлік тәулігіне 15 мың адамды тасымалдай алады. 

Ал құрылыстың екінші кезеңінде аспалы желіні Қазақстан тауы бағына қарай жүргізбек. Бұл бағыт туристік бағытта болады.

Құрылыстың қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз, дегенмен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Әбіл Донбаев Bartholet Maschinenbau AG компаниясының сегіз ай ішінде жобаларын жүзеге асыруда табысты тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив