Шығыс өңірінде тағы бір алкогольсіз ауыл пайда болды. Тарбағатай ауданындағы Жалғызталдың тұрғындары ішімдік өнімдерін тұтынудан бас тартты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жалғызталда жүз елу тұрғын, отыз шақты үй бар. Шағын елді мекен ресми түрде алкогольсіз ауыл мәртебесін алды.
«Ауыл тұрғындары саналы түрде салауатты өмір салтын таңдап, дәстүрлі отбасылық құндылықтар мен қоғамдағы қауіпсіздікке деген адалдықтарын көрсетті», - дейді полиция өкілдері.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, соңғы үш жылда аталмыш ауылда бірде-бір қылмыс болмаған. Ал Жалғызтал Шығыс өңіріндегі алкогольден бас тартқан алтыншы ауыл болды.