Шығыстағы Үбе өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертең Шемонаиха ауданының тұсында «жарылыс» болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«4 наурыз күні сағат 9:00-ден бастап Шемонаиха ауданындағы Үбе өзенінде мұз кептелісін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі», - деп жазылған «KazExploService» ЖШС хабарламасында.