Өскемендегі Есенберлин даңғылында жаяу жүргіншілер өткелі салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында дәл осы нысанды салуға басымдық берілетіні айтылды.
«Бұл нысанның әлеуметтік маңызы зор. Өйткені жер үсті өткелі жаяу жүргіншілердің, әсіресе көлік саябырламайтын даңғылды кесіп өтетін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді мәслихат хатшысы Александр Светаш.