Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға бір реттік төлем беріледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Халықаралық әйелдер күніқарсаңында көпбалалы аналарға бір реттік төлем беріледі. Бұл төлем «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, бұрын «Батыр ана» атағын алғандарға, «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға, төрт және одан да көп баласы бар аналарға тағайындалады», - деп мәлімдеді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Өңірде, ресми дерекке сүйенсек, 13 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады.