VIP желісіндегі ең танымал нөмірлер – 001, 010, 111, 007, 077, 707, 777, деп хабарлады baq.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілердің ең төменгі бағасы 57 АЕК-тен яғни, 224 мыңнан басталады.
«ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес жоғары сұранысқа ие МТНБ бергені үшін санаттарға сәйкес 57-ден 285 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік баж төленеді», - делінген ІІМ жауабында.
Белгілі болғандай, автокөліктің мынадай сандық белгілері: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 ең қымбат комбинация санатына жатады.
Осындай "ерекше" нөмерлердің бағасы биыл 1,1 млн теңге.
Айта кетерлігі, былтыр жалпы сомасы 15 млрд теңгеден асатын жоғары сұранысқа ие 44 273 автокөлік нөмері берілген.