ШҚО-ның турист ең көп баратын жерін қоқыс басып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 7-06-2024, 15:08 0

Суреттер: yk.kz

Жаңа Бұқтырманың жағалауындағы қоқыс бірнеше аптадан бері шығарылмай жатыр. Қоқыстың кесірінен тіпті дәретханаға жақындау мүмкін емес.
– Базардың артында орналасқан қоқыс жәшіктерінің бәрі солай. Бірнеше апта бойы шығарылмай бықсып жатады. Көлікпен жиі өтеміз, ештеңе өзгермейді, – дейді Бұқтырма жағалауына демалуға келген өскемендіктер.

Жаңа Бұқтырманың әкімі Нұржан Қанапиннің айтуынша, әкімдік балансындағы қоқыс шығаратын көліктер ескірген. Бір күн істесе, үш күн сынып тұрады. Сол себепті мамырдың 29-ында кәсіпкерлер арасында конкурс жарияланған. Екі жұманың ішінде басқа мердігер компания бұл мәселені қолға алмақ.
- Тағы бір мәселе – жазда Бұқтырмадағы демалыс орындарына келетін адамдардың саны мол. Жеке үйлерге де көп адам келеді. Олардың барлығы қоқысты ауылға әкеліп тастайды. Сондықтан біз алдағы уақытта ауыл сыртында қоқыс қабылдау және өңдеу орнын ашпақ ойымыз бар. Сонда қоқыс азаяды деп ойлаймыз, - деді ол.  
Жуырда ғана Өскеменде сенат депутаттары туризм мәселесіне арналған үлкен жиын өткізді. Онда туристерге қолайлы жағдай жасау, жол және дәретхана салу сынды көп ұсыныстар айтылған болатын.
Сонымен қатар, республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив