Екінші АЭС қай жерге салынады?

ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА Кеше, 12:55 0

Қазақстанда екінші АЭС қайда салынатыны әзірге белгісіз

Бұл туралы вице-министр Сұнғат Есімханов сенатта өткен брифингте айтты. 

- Әзірге екінші АЭС салынатын орынға қатысты нақты шешім жоқ. Ол Маңғыстау облысы бола ма, әлде басқа аймақ па  – әзірге айта алмаймыз. Елімізде бұл жүйені дамытуға болатын және қажет болатын бірнеше орын бар екенін тарихи тұрғыдан ғана түсінеміз. Маңғыстау облысында атом электр станциясы болды, ал Курчатовта ядролық орталықтың әлеуеті зор еді. Сондықтан қазір талқыланып жатыр, бірақ әлі нақты шешім жоқ. Барлық аспектілер – экономикалық та, энергетикалық та, тұрғындардың тілегі де ескерілетін болады, дейді Есімханов. 


https://qaz.ulysmedia.kz


daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив