Ауыл тұрғыны несиеге демалыс орнын ашып жатыр – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 26-02-2025, 16:25 0

Алтай ауданындағы Малеевск ауылының тұрғыны Александр Катаев «Ауыл аманаты»  бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, екі қонақ үй және монша салып жатыр. Жақында ауылда жаңа демалыс орны ашылады.

«Бұл бағдарлама бізге үлкен мүмкіндік берді. Несие шарттары өте ыңғайлы, пайызы төмен. Бұл ауылда бизнес бастаймын дегендер үшін керемет қолдау. Мен өз ауылымның туризм саласының дамуына үлес қоса отырып, кәсіп бастаудамын», – дейді Александр Катаев.

 «AMANAT» партиясының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламасы. Бұл бастама шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығын қолдауға зор мүмкіндік береді. Жеңілдетілген несие ауыл кәсіпкерлеріне өз ісін ашуға және дамытуға нақты қолдау болуда.

«Ауыл аманаты» аясында ауыл шаруашылық саласында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ауданымыз бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу, ауыл шаруашылық техникасын сатып алу сияқты жобаларға «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5%-бен 133 млн теңге көлемінде 9 адам несие алып, кәсіп бастауда,» - деп атап өтті  «АMANAT» партиясының Алтай аудандық филиалының төрағасы Данияр Ахметов.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив