Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Ядролық қондырғы «Атом электр станциясын» салу ауданы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды.
«Ядролық қондырғы «Атом электр станциясын» салу ауданы туралы шешім қабылдансын – Алматы облысының Жамбыл ауданы», - делінген құжатта.
Қаулы 25 ақпанда күшіне енді.