Шығыс Қазақстан облысының аудандарында жаңа уақыт белдеуіне байланысты жұмыс кестесі өзгеріп жатыр. Енді Марқакөл мен Үлкен Нарындағы мекемелер таңғы сегізден бастап жұмыс істейді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Аудан жұртшылығы жаңа кестеге бүгін ауысты. Осыған орай мекемелердегі түскі үзіліс уақыты да өзгереді: 12:00-ден 13:30-ға дейін.
Аталмыш екі аудан әкімдігінің өкілдері бұл шешім көпшілік талқылауынан кейін қабылданды деп мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Катонқарағай ауданындағы бірқатар қатар мекемеде жұмыс кестесі өзгергенін хабарладық.