Елімізде соңғы бес жылдың ішінде 194 ауыл жабылған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Бауыржан Омарбеков айтты.
– Иә, ауылдар саны азайып барады. Соңғы 5 жылдың ішінде 194 ауыл жабылды. Бірақ оның объективті себептері де бар. Мысалы, Алатау қаласы құрылған кезде маңындағы 12 ауылдық елді мекен құрамына кіріп кетті. Жалпы негізгі статистика сол, 194 ауыл жабылды, — деді Бауыржан Омарбеков.
Статистикаға сүйенсек, елімізде қазір 6147 ауыл бар. Онда 7,5 миллионнан астам халық өмір сүріп жатыр.