сурет көрнекілік үшін алынды
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиеге демалыс үйін алуға болады,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Туризм саласындағы жаңа жоба туралы облыс әкімдігінің отырысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова айтты.
Облыс орталығына жақын жерде жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін 20 демалыс үйі салынады. «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысқан адам осы үйлерді несиеге алып, кәсіп жүргізе алады. Демалыс үйі әрі кепіл мүлік болып есептеледі.
Басқарма басшысы бұл жоба Премьер-министр орынбасарының төрағалығымен өткен жиында қолдау тапқанын айтты. Жоба биыл жүзеге асады деп жоспарланған.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаларды мұқият зерттеп, нақты жоспар құру маңызды екенін айтты. Кез-келген жоба өңір экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына бағытталуға тиіс.