Ішкі саясат бөліміне басшы тағайындалды – Өскемен


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-02-2025, 16:40 0

Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Ринад Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ринад Руланұлы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. 

Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл. Мемлекеттік қызметте 8 жыл еңбектенген. Қаланың жастар ресурстық орталығында, ішкі саясат және мәдениет бөлімдерінде қызмет атқарған. 

2021-2025 жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.

2016-2019 жылдар аралығында қала мәслихатының депутаты болды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив