Өскемен әкімдігінде тағы да ауыс-түйіс болды


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-02-2025, 15:52 0

Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Ержан Ибраев басшысы болып тағайындалды.

Ержан Болатұлы 1991 жылы Өскеменде дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша білім алған. «Автомобиль жолдарының мониторингі және диагностикасы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие.

2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметте істейді. Бұған дейін ТҮКШ бөлімінде бас маман, сектор басшысы, бөлім басшысының орынбасары болып еңбек етті.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив