Өскеменде жаяу адамды көлік қағып кетті


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-02-2025, 11:27 0

Жол апаты Согра шағын ауданында болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, жол ережесін жаяу адам бұзған.

«Lada Vesta жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды», - делінген полиция департаментінің ақпаратында.

Жасөпірімнің жағдайы туралы мәлімет берілмеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив