«Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 18-02-2025, 09:10 0

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясының» «Жомарт» кенішінде апат болды.

Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған. Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалғаны хабарланған болатын.

Құтқарушылар алдымен алты қызметкердің денесін тапты.  Кейінірек жетінші адамның денесі де табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив