фото: olympic.kz
Қазақстан ерлер хоккей командасы ІХ қысқы Азия ойындарында чемпион атанды.
Финалда, қазақстандық жігіттер Жапония құрамасымен күш сынасты.
Бірінші тайымда, қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский командаласы Самат Даниярдың пасын голға айналдырып, есеп ашты.
Екінші тайм бастала сала, Андрей Буяльский қарсылас қақпасынан тағыда саңылау тауып кетті. Араға көп уақыт салмай, Роман Старченко есепті еселеді.
Соңғы кезеңде, отандасымыз Кирилл Панюко қарсылас қақпасына қатарынан екі шайба соқты.
Қортынды есеп 5:0.
Осылайша, Қазақстан ерелер құрамасы қысқы Азия ойындарында топтық кезеңді қоса алғанда барлық қарысыласын жеңіп, чемпион атанды.