Күн күрт жылынады: Шығыста 72 аймақта су басу қаупі бар


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-02-2025, 10:20 0

Қазгидромет болжамы бойынша Шығыс өңірінде наурызда күн күрт жылынып, жауын-шашын мол болады. Мамандар қазір облыстағы су басу қаупі бар 72 аймақты бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облысының әкімі Ермек Көшербаев төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдерімен кезігіп, қауіп байқалатын аймақтарды бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ қала, аудан әкімдері қажетті ресурстарды дайындап, өзендердегі су деңгейін бақылауға тиіс. Жауапты қызмет өкілдері төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл жөнінде егжей-тегжейлі нұсқау беретін болды.

 

Синоптиктер наурызда күн күрт жылынады деп болжап отыр. Оған қоса жауын-шашын үдейтін көрінеді. Қазір өңірде, облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, тасқынмен күресуге 2511 адам әзір тұр. Сонымен қатар 935 техника, 46 жүзу құралы, 242 мотопомпа дайындалған. 21 мыңнан астам адам сиятын 182 эвакуция пункті белгіленген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстанда тасқынға қарсы жоғары дайындық режимі жарияланған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив