Сурет: ШҚО ТЖД
Шығыс Қазақстан облысында 1 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта мамандар өзен-көлдер мен арналарды үнемі бақылап отырады.
«Қазір 2511 маман іске жұмылуға әзір. 242 мотопомпа, 46 жүзу құралы және 800-ден астам техника іске қосылады. Сондай-ақ 64 мың дана қап, 9323 тонна инертті материал және 263 тонна жанар-жағармай дайындалды», - делінген ТЖД хабарламасында.