Шұғыл көмекке мұқтаж болған жүкті әйел Зайсан қаласынан Өскеменге тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Тікұшақ бортында пациенттің жағдайын санавиация дәрігерлері бақылауда ұстаған.
Шұғыл медициналық рейсті сәтті жүзеге асырған экипаж бен дәрігерлердің арқасында жүкті әйел ауруханаға аман-есен жеткізілді. Облыс орталығында Зайсан қаласының тұрғынына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.