Катонқарағай ұлттық паркінде жаңа фототұзақтар орнатылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Фототұзақтар арқылы парк аумағындағы жабайы жануарлардың саны анықталып, тіршілігі бақыланады. Мамандардың айтуынша, алынған деректер орман экожүйесін сақтау және жануарлар популяциясын тұрақтандыру үшін маңызды. Құралдарды Алтай орманшылығының инспекторлары орнатты.
«Бұл әдіс табиғатты зерттеуде тиімді. Мұндай құралдар жануарларды алаңдатпай, олардың табиғи ортасындағы тіршілігін бейнелеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.