Өскемендіктер жаңа балмұздақтардың дәмін татады


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-02-2025, 13:02 0

Өскемендегі «Эмиль» фабрикасы наурыз айынан бастап балмұздақтардың жаңа түрлерін шығарады,  деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері балмұздақ фабрикасының жұмысын көрді. Бүгінде мұнда 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, заманауи жабдықтар орнатылған. Кәсіпорынның тәтті өнімдері халықаралық деңгейдегі қатаң тексеруден өтіп, «Халал» және басқа халықаралық сапа сертификаттарын алған. 

Фабрикада әлемдік брендтердің рецептісі бойынша балмұздақтың бірнеше түрі өндіріледі. Өнімдер республика көлемінде үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын жыл сайын өнімнің жаңа түрлерін шығарып ассортименті мен көлемін ұлғайтып келеді. Биыл да наурыз айынан бастап балмұздақтың жаңа түрлерін шығаруды жоспарлап отыр. 

«Кәсіпорында өз ісіне берілген жас мамандар баршылық және жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі де жоғары. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері құрылыстың сапалы жүргізілуіне және уақытылы аяқталуына тұрақты түрде бақылау жасап отырды. Бұл еліміздегі жұмыс процестері толық автоматтандырылған санаулы фабрикалардың бірі. Тұрғындар үшін сапалы қызмет көрсететін заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған бірден-бір кәсіпорын», - дейді  партия филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив