Шығыс Қазақстан облысының полициясы Алматы қаласында 32 жастағы әйелді тұтқындады. Күдікті тәртіп сақшыларынан 14 жыл бой жасырынып келген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
Жалпы облыс орталығындағы криминалдық іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері 2025 жылдың алғашқы айында бес қылмыскерді құрықтады.