Біздің «Берел» «Қарағандыдан» жеңіліп қалды

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-02-2025, 16:03 0

Ел чемпионатының төртінші турында өскемендік волейболшы қыздар қарағандылықтармен күш сынасқан. Алайда Ришат Гилязутдинов шәкірттері жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Осылайша «Берел» дәл қазір турнир кестесінде 64 ұпаймен екінші орында тұр. «Қарағанды» командасы 50 ұпаймен төртінші сатыға табан тіреді.

Төртінші орын тағдыры сейсенбі күні өтетін Қарағанды-Тұран матчында шешіледі.

Ал «Берел» «Алматыны» жеңсе, көш басындағы «Жетісумен» бірге жартылай финалға бірден жолдама алады.  Үшінші орында тұрған «Қуанышқа» жеткізбейтіні анық.

Еске салайық, волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионаты Талдықорған қаласында өтіп жатыр.


 

 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив