Өскемен: Красин кентіне жаңа автобустар жүреді


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-02-2025, 19:45 0

Өскеменнің шеткі аудандары – Красин кенті мен Лесхозға жаңа автобустар жүретін болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қала әкімімен жүздескен тұрғындар қазіргі қоғамдық көліктердің техникалық жағдайына шағымданды. Сонымен қатар автобустар саны аз көрінеді. Қыстыңгүні жолаушыға лық толы «пазиктердің» жүрісі қауіпсіз емес, дейді жергілікті халық.

Өскемен әкімі Алмат Ақышов аталмыш аудандарға қатынайтын автобустар биыл жаңартылатынын жеткізді.

Сондай-ақ кездесуде жол және тротуар салу мәселесі көтерілді. Тұрғындардың сұрауы бойынша Кожедуб көшесінен №5 орта мектепке дейін тротуар салынады. Қала әкімі жауапты мамандарға тиісті есептеулерді жүргізіп, бұл жұмысты бақылауда ұстауды тапсырды. Ал жол мәселесі талқыланады.

Красин кенті мен Лесхоз тұрғындары қар күреу жұмыстарына әлі де күш салу керектігін айтты. Өскемен әкімі бұл жұмысқа жауапты «Таза Өскемен» кәсіпорнына тапсырма берді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив