Мектептерде есірткі-кәмпит таратып жатыр ма? ШҚО полициясы жауап берді


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-02-2025, 11:58 0

мессенджерде тараған сурет

WhatsApp мессенджерінде мектептерде құрамында есірткісі бар «құлпынай квик» кәмпиттері таратылып жатыр деген ақпарат жүр. Облыстық полиция департаменті осы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ватсаптағы ақпаратта «құлпынай квик» кәмпиттерінің құрамында кристалды метамфетамин деп аталатын есірткі заты бар екені айтылады. Бұл кәмпиттерді мектеп ауласында оқушыларға таратып жатыр деп дабыл қағады желідегілер.

«Құрметті ата-аналар, сіздер бұл дәрі туралы білуге тиіссіздер. Қазір мектептерде өте қорқынышты нәрсе болып жатыр. Мектеп ауласында балаларға «Құлпынай квик» деп аталатын құрамында кристалды метамфетамин бар кәмпиттер таратылып жатыр. Балаларға бейтаныс адамдардан кәмпит алмау керектігін түсіндіріңіздер», - деп жазылған хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Мұндай хабарлама біздің өңірде ғана емес, ел көлемінде тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат», - деп мәлімдеді ШҚО ПД.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив