Әкім өзіне хат жолдаған оқушымен кездесті


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 16:54 0

Шығыс Қазақстан әкімі Ермек Көшербаев №24 мектепке барып, өзіне хат жолдағы Айзере Шыңғысқызы есімді балақаймен кездесті.

Үшінші сынып оқушысы Айзере әкіммен кездесу үшін хат жазған. Оның бұл тілегін анасы бірден қолдаған, алайда өңір басшысы уақыты тығыз болғандықтан хатқа жауап бере алмауы мүмкін екенін де ескерткен көрінеді.

 – Анам «әкім хатқа жауап жазбаса, көңіліңді түсірме, оның жұмысы көп» деді. Бірақ бүгін әкім мектебімізге өзі келді, қала басшысымен де таныстым. Ол кісінің менімен әңгімелесуге уақыт бөлгені үшін өте қуаныштымын, ризамын. Ол кісі өте әділ әрі ақылды адам екен, – дейді Айзере.

 

Облыс әкіміне «Өңір басшысы болу оңай ма?» деген сұрақ қойылды. Аймақ басшысы әр маман өз ісіңде маңызды миссия атқаратынын айтты.

– Жұмысшылар болмаса басшы не істер еді? Зауытта – инженер, мектепте – мұғалім, ауруханада – медбике. Барлығы өз саласының тәжірибелі мамандары. Олар қоғамның дамуына үлес қосуда, – деді Ермек Көшербаев.

Айзере – оқу озаты ғана емес, киокушинкай каратэ мен спорттық-бал биінен өткен жарыстардың жеңімпазы, зияткерлік олимпиадалардың жүлдегері. Ол мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, қатарластарына үлгі боп жүр.

Мектеп оқушылары әкімге сұрақт қойып, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ балалар аймақ басшысына спорт залын жөндеп, жаңа  спорт алаңдарын салу жөнінде өтініш білдірді.

Айта кетейік, №24 мектеп – қаладағы ең үлкен білім ордаларының бірі. 800 орындық мектепте 1500-ге жуық оқушы екі ауысым бойынша оқып жатыр, 111 мұғалім білім береді. Сондай-ақ үш жылдан бері мұнда білім мен әскери-патриоттық тәрбиеге негізделген кадет сыныптары жұмыс істейді.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив