Зайсан қаласында жаңа емхана салу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Текешов Зайсан ауданына барып, қалалық емхананың жағдайын көрді. Аудан активімен кездесу барысында жаңа нысан салу қажеттілігі айтылды. Оған қоса денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту, медициналық қызметтің сапасын арттыру туралы ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ жиында көктемгі су тасқынына дайындық, инфрақұрылымдық қауіпсіздік және тиісті қызметтердің үйлесімді жұмысы талқыланды.
«Ерлан Текешов Зайсан қаласындағы су тасқыны қаупі бар Жақсылықов көшесін, Қасқа жол учаскесін (Зайсан – Жаңатұрмыс бағыты), сондай-ақ Дайыр мен Айнабұлақ ауылдарына қарасты аумақтарды аралап, жағдайды бағалады. Су тасқынына қарсы дайындық барысы зерделеніп, қажетті инфрақұрылымның жай-күйі қарастырылды», - деп мәлімдеді облыс әкімдігінен.