шартты сурет
Шығыс өңіріне өткен жылы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру бағдарламасы бойынша 3292 адам қоныс аударған. Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова мәлімдеді.
– 2024 жылы облысқа 512 адам (164 отбасы) көшіп келді. Оның ішінде 229 адам шекаралық аудандарға қоныстанды. Қоныс аударғандардың көпшілігі Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларынан, - деді Динара Қожанова.
Бейінді басқарманың мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы қоныс аударушыларға 825 миллион теңге бөлінген. 438 отбасы қоныс аударуға субсидия алса, 67 отбасы тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы алған көрінеді. Сонымен қатар басқарма өкілі 86 отбасы тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық ұтқырлық сертификатын алғанын хабарлады.
Ал биыл 641 адамға квота бекітілген. 269 квота қандастарға, 372 квота еңбек күші артық аймақтардан қоныс аударғандарға берілмек.