фото: instagram.com/oo_osa_semey__vko
Оқиға Күршім-Қалжыр жолында 1 ақпан күні болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Lada Granta және Hyundai маркалы көліктер соқтығысты. Апат салдарынан бірінші аталған көліктегі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, ал екінші көліктегі жүргізуші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.