Дәрі-дәрмек жеткілікті ме? - ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:06 0

Шығыс Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев әкімдік отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

  • - Қазіргі уақытта облыста амбулаториялық және стационарлық емдеу жұмыстарына арналған 500 мың дәрілік препарат бар. Дәрі сатып алу процесі жалғасуда. Дәл қазір барлық қажетті дәрі-дәрмек бар, - деді Төлеген Жігітаев.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін, әсіресе елімізде вирустық аурулардың өсуіне байланысты, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

  • - Еліміздің кейбір өңірлерінде дәрі-дәрмек тапшылығы байқалып жатыр. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстау қажет, - деді облыс әкімі.
Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив