Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен бұрын ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымын атқарған Дидар Кеңесбаев Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды.
Дидар Кеңесбаев Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметте және жеке секторда мол тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім меңгерушісі лауазымдарынан бастаған.
Әр жылдары Өскемен қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Ал 2021 жылдың 13 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі