2025 жылы Қазақстан колледждері 4 лигаға бөлінеді. Олар қандай?


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-12-2024, 11:34 0

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын төрт лигаға бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасында" айтылған. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Колледждер қандай лигаға бөлінеді:

Көшбасшы колледждер: тірек колледждерге тәжірибе таратады; ұлттық және халықаралық деңгейлердегі кәсіптік білім берудегі көшбасшылар; басқару мен оқытудың жоғары стандарттарымен, инновациялық инфрақұрылымымен ерекшеленеді.

Тірек колледждер: әлеуметтік және мақсатты колледждердің дайындық деңгейі мен инфрақұрылымының өсуіне жағдай жасауға ықпал етеді; өңірде стратегиялық рөл атқарады және озық технологиялар мен білім беру стандарттарын енгізу алаңы ретінде қызмет етеді.

Әлеуметтік колледждер: жаңғырту және өсу процесінде, жаңа технологияларды белсенді енгізуде; білім беру бағдарламаларын жаңарту жолында; тірек колледждердің қолдауымен өз деңгейін арттыруға ұмтылады.

Мақсатты колледждер: білім беру сапасының стандартын қамтамасыз етеді; прогресстің болмауымен, ескірген инфрақұрылыммен және бәсекеге қабілеттіліктің әлсіздігімен сипатталады; реформалар мен қалпына келтіру үшін қолдауды қажет етеді.

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын төрт лигаға бөлуде олардың рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі пайдаланылады", – делінген жол картасының жобасында. 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив