Ұлан ауданында Алмасай, Тарғын, Сағыр, Мамай батыр, Ұлан, Айыртау және Баяш Өтепова ауылдарын жаңа үйлер салынды. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үйге мұқтаждар қатарында 812 отбасы бар, оның ішінде 415 отбасы әлеуметтік осал топтардан, ал 152-сі көпбалалы отбасылар.
Ұлан ауданында 2023-2024 жылдары жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жол инфрақұрылымы және тұрғын үй құрылысы салаларындағы оң өзгерістер ауданның дамуына тың серпін беріп, халықтың игілігі үшін қызмет етуде. Бұл шаралар ауылдық аймақтардың әлеуметтік әлеуетін арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.