“Рахман қайнарларын” қалпына келтіру ұзаққа созылуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 15:46 0

Фото: anyz.pushkinlibrary.kz

Қазір жергілікті билік танымал демалыс орнын қайта қалпына келтіру үшін инвестор іздеп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Айта кетейік, “Рахман қайнары” шипажайы бұған дейін жеке компанияның меншігінде болды. 2021 жылы маусымда демалыс орны өз жұмысын тоқтатқан. Бірнеше жыл қараусыз қалған демалыс орнында инфрақұрылымды ретке келтіру үшін инвестор іздеп жатыр. 

-         Электрондық сауда алаңында сауда-саттық өтіп, нәтижесінде шипажайды өз балансымызға алдық. Біздің ендігі міндеті – бар нәрсені сақтап қалу. Ол үшін шипажайды үлкейтіп, тиісті жұмыстар жүргізетін инвестор қажет, - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Алайда демалыс орны толық жеке меншікке қайтарылмайды. 

Сондай-ақ аймақ басшысы Катонқарағайдағы туризмнің дамуына жолдың жағдайы да әсер ететінін айтады. 

-         Барлық жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қаржыландыру жағдайына байланысты ұзаққа созылуы да мүмкін. Сонымен қатар сантехника, кәріз жүйелерінің жағдайы да бізге беймәлім болып отыр. Оны да ескеру қажет, - дейді Ермек Көшербаев.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив