Синоптиктер 17 желтоқсанда Шығыс өңірінде ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік және шығыста тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде температура -21...-26°C, солтүстік және шығыста -30°C, оңтүстік-шығыста -17°C, күндіз -10...-15°C, солтүстік және шығыста -18°C. Өскеменде бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде температура -24...-26°C, күндіз -11...-13°C.