ШҚУ және ШҚТУ түлектері өңірдегі жұмыс берушілермен кездесті


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-12-2024, 14:47 0

11-12 желтоқсан күндері С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерін біріктірген ауқымды шара өтті. Бұл кездесу жас мамандар үшін мансаптық бастама алаңы болып қана қоймай, түлектердің, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің байланысын нығайтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Іс-шараның бағдарламасы екі негізгі бөлімнен тұрды. Пленарлық отырысқа қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар қатысты. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, атап айтқанда «Дипломмен – ауылға!», «Ерікті өңіраралық қоныс аудару» және «Жастар практикасы» аясындағы мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.

“Серпін – 2050” және “Мәңгілік ел жастары – индустрияға” бағдарламаларының 171 түлегі жұмыспен қамту мүмкіндіктері, өңірлердің инфрақұрылымы мен даму ерекшеліктері туралы маңызды ақпарат алды.

Екінші бөлемде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда 500-ге жуық түлек жұмыс берушілермен тікелей танысуға, өңірдегі  кадрларға нақты сұраныс туралы ақпарат алып, байланыс орнату және жұмысқа орналасу жолдары туралы талқылауға мүмкіндік алды. 

Іс-шараның мақсаты – түлектерді жұмыспен қамту, сонымен қатар Марқакөл, Катонқарағай және Тарбағатай сияқты шекаралас, жаңадан құрылған аудандардағы кадр тапшылығы мәселесін шешу. 

С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ түлектерінің кездесуі мемлекет, ЖОО және бизнестің бірлескен күш-жігері жастардың еңбек нарығына сәтті интеграциясы мен өңірдің, соның ішінде шекаралас аймақтардың дамуына жол ашатынын көрсетті.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив