Ақтаудағы ұшақ апатының себебі айтылатын болды. Қашан?


ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 12:42 0

сурет egemen.kz сайтынан алынды

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағына қатысты тергеу жөнінде мәлімдеме жасады.

«Мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Бразилия және ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын бұған дейін де айттық. Алдағы күндері алдын ала есеп біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз. Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт қажет. Бұл - өте ауыр жұмыс», - деді министр Үкіметте өткен брифингте.

Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының AHY8243 рейсімен Баку (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Грозныйда қалың тұман болғандықтан, ұшақ алдымен Махачқалаға, кейін Ақтауға бағытталады. Каспий теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда, экипаж «төтенше жағдай» сигналын (squawk 7700) берді. Ұшқыштар шұғыл қонуға рұқсат сұрап, әуежай ұшақты қабылдауға дайындалған. Алайда 11:30-да ұшақ әуежайдан 3 шақырым қашықтыққа құлады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив