сурет қала әкімдігінен
Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал Мәулетханов тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ол бұған дейін қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған. Сонымен қатар қаржы бөлімін де басшы болды.
Әр жылдары Зайсан, Алтай, Үржар, Глубокое аудандарында қызмет еткен маманның жалпы еңбек өтілі – сегіз жыл.
Alikhan Bokeikhan University мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде білім алған.