Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-12-2024, 18:00 0

Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:

- Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы (2-орын);

- Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы (2-орын);

- Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы (3-орын);

- Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы (3-орын);

- Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы (3-орын);

- Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (3-орын).

Команда жетекшілері:

- Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;

- Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;

- Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Айта кетейік, IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив