Өскеменде «Шығыс салбұрыны» фотокөрмесі өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 11-12-2024, 12:20 0

сурет:altaifest.kz 

Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар аясында 13 желтоқсан күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Шығыс салбұрыны» фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

10-14 аралығында Бүркіт төбе алаңында өткен дәстүрлі халықаралық «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі барысында түсірілген шығысқазақтандықтардың,  фотографтардың үздік суреттерікөрмеге қойылады. Көрме аясында құсбегілер аңшылық, саятшылық, құмай тазыларды аңшылыққа баулу жайлы, бүркіт баптаудың қыр-сырымен бөліседі. 

Фотокөрме қазақ мәдениетінің айрықша мұрасын насихаттауға бағытталған. 

Естеріңізге сала кетейік, «Шығыс салбұрыны» фестиваліне Моңғолия, Қытай, Мажарстан, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясының құсбегілері қатысқан болатын.  


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив