Зайсан ауданында он жылға жететін газ қоры бар дейді, соған барлау жұмыстары жүргізіле ме, жоспарланған ауылдарға газ тартыла ма болашақта? Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевқа БАҚ өкілдерінің бірі осындай сұрақ қойды.
– Мен «Тарбағатай Мұнай» компаниясы басшыларымен кездескенде тағы бір 4-7 жылға газ жететінін айтты. Зерттеу жұмыстары үшін "QazaqGaz" және басқада компаниялармен сөйлестік. Олардың айтуынша, біздегі газдың көлемі өте аз, 7 жылға дейін созылуы мүмкін. Қазіргі кезде "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" Ресейдегі «Газпром» компаниясымен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Солтүстік, Шығыс өңірлерін газбен қамту жобасы талқыланды. Сол жоба бойынша Өскемен арқылы Қытайға газ құбырын тартылуы мүмкін. Өскеменде жаңадан салынатын жылу электр станциясы жобасын іске асырушылармен келешекте көмірден газға көшіру мәселесін алдын ала қарастырып отырмыз. Газ келсе экология мәселесін жеңілдетеміз, - дейді Ермек Көшербаев.