Катонқарағайдағы “Рахман қайнарлары” қайта қалпына келеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-12-2024, 16:08 0

Облыс әкімдігі “Рахман қайнары” шипажайын қалпына келтіту үшін инвестор іздеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде обылс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өз сөзінде демалыс орнының мемлекеттік меншікке берілгенін және жеке меншікке қайтарылмайтынын атап өтті. 
-    “Рахман қайнары” шипажайы туристер үшін  есігін айқара ашады. Қазіргі уақытта инвестор іздестіліріп жатыр. Біз өз тарапымыздан демалуға келген жандар үшін қолайлы жағдай жасалуы үшін көмектесеміз, - деді Ермек Көшербаев. 
Айта кету керек, өңірде туризм саласының дамуына баса назар аударылып отыр. Брифинг барысында облыс әкімі «Қанас – Марқакөл» көлдерінің трансшекаралық бағытын ұйымдастыру үшін екі ел арасында туристік маршутты ашу туралы келіссөз жүргізіліп жатқанын атап өтті. 
Сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер үшін туристерді қарсы алу және ас мәзірін дайындау бойынша курстар ұйымдастырылмақ.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив