Қытай туристері үшін Марқакөлге қарай жол ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-12-2024, 12:30 0

Марқа көлінде бірегей халықаралық туристік жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. «Қанас – Марқакөл» көлдерінің трансшекаралық бағытын ұйымдастыру үшін екі ел арасында туристік маршутты ашу туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
-    Марқакөл ауданындағы Теректі және Қытай жағындағы Ақтүбек ауылдары маңында шекара өткелі ашылып, Марқакөл көліне дейінгі жол құрылысы мәселелері пысықталуда. Көлге дейін 62 шақырым жол салу керек, ол ұлттық парк аумағы арқылы өтетін болады, - деді аймақ басшысы.
Мұндағы басты мақсат - Қытайдан Марқакөл көліне туристер ағынын арттыру. Айта кету керек, Қанас көліне жыл сайын 10-15 миллион турист келеді.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив