Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев журналистердің «Өскемен әкімі қашан тағайындалады?» деген сұрағына жауап берді.
– Облыс орталығының басшысы – жауапты лауазым. Үміткер заңнамада көзделген бірқатар рәсімдерден өтуі тиіс. Сондай-ақ мәслихат депутаттарының келісімінсіз бірде-бір тағайындау жүргізілмейді. Осы шаралардың барлығы жүзеге асқан соң, қаланың жаңа әкімін жұртшылыққа таныстырамыз, – деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингіде.