Облыс орталығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 1500 оқушыға арналған үш мектептің құрылысы белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, облыста "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 3 мың орындық 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде барлығы 1800 орындық төрт мектеп ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін пайдалануға берілуге тиіс.