Тұрар Рысқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай ашық дәріс өтті – ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 16:04 0

Фото: vku.edu.kz

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай студенттерге арналған ашық дәріс өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Болашақ тарихшылар, профессорлық-оқытушылар құрамы мен басқа да білім алушыларға Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының сениор-лекторы Гүлнұр Мүтән дәріс оқыды.

Шара барысында Тұрар Рысқұловтың еңбек жолының әр жылдарында ел мүддесі үшін жасаған қызметтері кеңінен баяндалды. Оның ішінде Моңғолиядағы уәкілетті өкіл ретінде Моңғолия Конститутциясының жобасын әзірлеуге қатысып, ел астанасын «Улан-Батор» деп атауды ұсынғаны айтылды.

— Мұндай дәрістер жастарға тарихи оқиғалар мен олардың себеп-салдарын талқылауға, өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі. Студенттер сұраққа жауап беріп, ашық пікрілерін білдірді. Тұрар Рысқұлбековтың өмірі мен еңбегі жастарды табандылыққа, әділеттілікке үйретеді, — деді Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының сениор-лекторы Гүлнұр Мүтән.

Тұрар Рысқұлов күрделі кезеңде 200-ден астам еңбек жазып, Қазақстан мен Қырғызстанның экономикасы, тарихы мен экономикалық географиясына терең сипаттама берген ірі ғалым ретінде белгілі.

Ашық дәріс студенттерге ел тарихындағы қиын кезеңдерді түсінуге, қайраткерлердің еңбегін бағалауға және әділеттілік құндылықтарын үлгі етуге ықпал етеді.  Сонымен қатар бұл шара білім алушыларды қоғамға пайда тигізуге ынталандырып, олардың рухани дамуына оң әсер етті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі Тұрар Рысқұловтың  туғанына 130 жыл толды. Ол - мемлекеттілігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив