ШҚО-да «Студенттер есірткіге қарсы» акциясы өтті


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-12-2024, 14:51 0

Сурет: vku.edu.kz

С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасынының бастамасымен және «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп «Студенттер есірткіге қарсы» кездесуі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Шараның мақсаты — жастарды салаутты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ болып, өзіңді де, өзгені де зиянды әдеттерден қорғай білуге шақыру. Кездесу барысында спикерлер студенттерге есірткі қылмысына қатысты атқарылған жұмыстар туралы айтты. 
«Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен республикалық «Есірткіге жол жоқ!» жобасы елдің әр өңірінде өтіп, акция аясында облыс бойынша мыңға жуық нарко граффитидің көзі жойылған.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Серік Манапов қазіргі таңда нашақорлық мәселесі жедел алдын алу шараларын және кеңейтілген түсіндіру жұмыстарын өткізуді талап ететін өзекті мәселе екенін атап өтті.

— Біз студенттерге өз болашақтарына, өмірлеріне ең бірінші кезекте өздері жауапкершілікпен қарау керектігін түсіндірдік. Бейнеролик арқылы жастарға нашақорлыққа тәуелділіктің қалай басталатынын, соңы қайғылы оқиғаларға әкеліп соғатынын көрсеттік. ШҚУ басқармасына салауатты өмірді ұстануға бағыттайтын шараларды өткізуге қоллдау білдіргені үшін алғыс білдіремін, — деді ШҚО ДП Есірткі қылмысына қарсы басқармасының бастығы Даулет Жұмаділов.

Сонымен қатар студенттерге тәуелділіктің түрлері, есірткінің құрығына түсудің негізгі себептері түсіндірілді. Білім алушылар, осындай шараларға белсене қатысатындарын айтып, жарқын болашақ құруға ынталандырып жатқан жоғарғы оқу орынына алғыстарын білдірді.
Кеш соңында ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтың атынан Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша профилактикалық іс-шаралар шеңберінде салауатты өмір салты қағидаларын насихаттап, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысқан студенттер марапатталды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив